Қарағандыда қала орталығына кіру «Ashyq» қосымшасымен жүргізіледі – фейк

Қарағандылықтар әлеуметтік желілерде қала аудандарының бірінен шыққан жолда қалыптасқан көлік кептелісінің кадрларымен бөлісуде. Бұл Қарағанды орталығына «Ashyq» бағдарламасында егу мәртебесін растау арқылы жіберуден орын алды деген пікірлер айтылуда. Бұл жалған ақпарат.  Қала әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz.

– Майқұдыққа кіру кезінде шектеу қойылғаны және жол жүру тек «Ashyq» жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны туралы ақпарат фейк болып табылады. Қазіргі уақытта К.Маркс көшесіндегі автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысына қиындық туғызуда. 2021 жылдың қазан айының соңына дейін екі жолақ бойынша көлік құралдарының толық қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланған, – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Демек Қарағанды орталығына тек «Ashyq» жүйесімен ғана кіруге болады деген ақпарат – фейк.