Көкшетаудағы күл-қоқыс жырына қашан нүкте қойылады

Көкшетаудағы күл-қоқыстың жыры әлі бірнеше жылға созылатын түрі бар.

Журналистерге арнап брифинг өткізген қала әкімінің өзі бұған нүкте қоя алмады. Бір белгілісі, тұрмыстық қалдықтарды тазалаумен айналысатын коммуналдық мекеме жұмысын бұрынғыша жалғастыра бермек. Бұған дейін компания бұл істен бас тартпақшы болған еді. Ал заңсыз полигондар мәселесінде экология департаменті және басқа да құзырлы органдармен бір келісімге келгендей болдық, – дейді шаһар басшысы. Яғни, «Көкше-тазалық» кәсіпорны барлық заңбұзушылықтарға қарамастан қоқысты құжатының мерзімі біткен орынға тасымалдай береді. Ал проблеманы түбегейлі шешу үшін алдағы жылдары қоқыс өңдеу зауыты салынбақ. Алайда оған 6 млрд теңге қаржы қажет. Әрі ол бір-екі жылда жүзеге аса қоятын жоба емес екенін жергілікті билік жасырмады.

Бауыржан Ғайса, қала әкімі:

– Ал дәл қазіргі шешім мынадай: сол қоқыс өңдеу зауытының орны белгіленген соң сол жерден тұрмыстық қалдықтарды уақытша төгетін алаң жасау. Басқа амал жоқ. Ал, бұл шикізат өндіріс ошағына келешекте керек болады. Сондықтан, тұрғындар уайымдасын. 15 қазаннан бастап қоқыс шығару тоқтайды деген әңгіме жоқ.