426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазгидромет 12 аймақта дауылды ескерту жариялады

  • 112
  • UPD: 13:44, 01.10.2021
Қазгидромет 12 аймақта дауылды ескерту жариялады

Еліміздің солтүстік өңірлерінде күн суытып, көктайғақ болады. Осыған байланысты 12 аймақта дауылды ескерту жарияланды.

«Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазқастан облыстарында желдің екпіні күшейеді. Кей аумақтарда оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Салдарынан көктайғақ болып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Бұған қоса, Алматы, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау өңірлерінде сынап бағанасы минус 3 градусқа дейін төмендейді. Ал елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі» делінген Қазгидромет жариялаған хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы