Ұлт үнжариясы 100 жылдығын атап өтіп жатыр

Ұлт үнжариясы бүгін ғасырлық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ Радиосының 100 жылдығымен құттықтады. Шығармашылық ұжымды құттықтау хатында Елбасы халқымыздың тарихы мен шежіресі қамтылып, аумалы-төкпелі кезеңдерде ел өміріндегі маңызды оқиғалар жұртшылыққа жедел жеткізілгенін ерекше атап өтті. Әуе толқынында көптеген бағдарламалар төл мәдениетімізді насихаттап келді. Ана тілімізді дәріптеп, ұлт санасын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Бір ғасыр ішінде қазақ руханиятының алтын қорын қалыптастарды. Талғамы биік тыңдарман қауымды тағылымды хабарымен қуантты. Бүгінгі мерекелік шараға сала ардагерлері мен радиода өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі журналистер қатысты.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Тәуелсіздік жылдарындағы 30 жыл ішінде мемлекетіміз барлық салада биік белестерді бағындырды. Тәуелсіздікпен бірге еліміздің ақпарат саласы да үлкен өзгерістерден өтіп, жаңа деңгейге көтерілді. Айтылған жылы лебіздерге қосыла отырып, бүгінгі мерекелік күнмен барша ардагерлерді, журналистерді шын жүректен құттықтаймын.