БҚО-да оқу жылы басталғалы 500 оқушыдан коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 23 процентке төмендеді.

Тек қыркүйек айында індетке шалдыққан 2 жарым мың адамның 2 мыңдайы екпе алмағандар. Қазіргі таңда аймақ тұрғындарының 55 проценті вакцина салдырған. Індет жұқтырғандардың 70 проценті аурудың жеңіл түрімен амбулаторлық ем алып жатыр. Эпидемиолог мамандарды қатерлі вирустың балалар арасында көп таралуына алаңдатып отыр. 

Мұхамғали Арыспаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Оқушылар арасында тіркелген 498 жағдай 151-де балалар отбасында ауырған жақындарымен жақын байланыста болғаны тексерілгенде анықталып отыр. Педагогтар арасында 1 қыркүйектен бастап облыс бойынша 84 жағдай тіркелді. Бүгінгі таңда 27 мектепте 36 сыныптың оқушылары мен мұғалімдерін және 8 балабақшада 8 топтың үй карантиніне көшіру туралы 32 қаулы шығарылды.

Жаңа оқу жылы басталғалы өңірде 500-ге тарта оқушы індет жұқтырған.

Арман Қалибеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

– 1 қазан күнгі жағдай бойынша вакцинанының бірінші компонентімен 221 267 адам егілді. Екінші компонентімен 197 128 адам егілді. Қазір көріп отырғанымыздай, қолданылған шектеу шаралары мен кезең кезеңімен өткізілген вакциналау жақсы нәтиже беріп отыр.