Статистика бюросы: Санаққа қатысуға күштеп мәжбүрлеуге жол берілмейді

Санақшылар қазақстандықтарды халық санағына қатысуға күштеп мәжбүрлемейді.

Бұл туралы бүгін Статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері тек қауіпті аудандар мен саябақтарды аралауға қатысады. Азаматтардың үйіне ешкім рұқсатсыз кіре алмайды.

Естеріңізге салайық, бүгіннен бастап 23 мыңнан астам интервьюер ел тұрғындарын аралай бастады. Әр маманда санақ логотипі бар көк шарф пен сөмкесі болуы тиіс. 91 сұраққа онлайн форматта жауап бергендерге сауалнама нәтижесін көрсеткені жеткілікті. Халық санағы 30 қазанға дейін жалғасады.

Нұрболат Айдапкелов, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы:

- Халық санағынан өту – заңға сәйкес әр адамның міндеті. Арнайы шаралар көзделген. Бірақ біз оларды қолданбаймыз. Біздің интервьюерлерді арнайы оқыттық. Жақсы қарым-қатынас орнату, адамның ықыласына бөленіп, сол арқылы түсіндіру арқылы сауалнама жауап беруін мүмкіндігін жасау туралы арнайы оқыттық.