426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда әлеуметтік азық-түлік бағасы бақылауда

  • 81
  • UPD: 18:05, 01.10.2021
Алматыда әлеуметтік азық-түлік бағасы бақылауда

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты әрі олардың қымбаттауына жол берілмейді.

Бұл туралы бүгін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Мурзалинова мәлімдеді.

Нақтырақ айтсақ, бағаны тұрақтандыру үшін қалалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат ірі сауда желілеріне жеңілдетілген несие ретінде беріледі. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер ұн, қарақұмық, күріш, сұйық май, қант сынды жалпы саны 16 азық-түлік түрінің бағасын тұрақтандырып отырады. Сонымен қатар ірі дүкендер мен 7 базардағы әлеуметтік тауарларға қосылатын үстеме ақы 15%-тен аспауы тиіс. «Бұл баға алдағы сегіз ай бойы сақталады», - дейді мамандар.

Гүлмира Мырзалинова, «Алматы» ӘКК» басқарма төрағасының орынбасары:

- Осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап егістіктегі өнімдер тікелей дүкен сөрелеріне өсімпұлсыз жеткізіледі. Бұл шекті баға келесі жылдың 22-ші сәуіріне дейін бекітілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің құны базар бағасынан 25-30%-ке арзан. Мысалы картоп – 101 теңге, сәбіз – 120 теңге, пияз – 89 және қырыққабат 90 теңгеден сатылады.

Хабар 24 телеарнасы