Павлодар мен Омбы арасындағы жүк тасымалы артады

2025 жылға қарай Павлодар мен Омбы қалалары арасындағы өзен бойынша жүк тасымалын 4 есе арттыру жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның арқасында жылына 1 млн тоннаға дейін жүк  жеткізіледі. Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі кеме шлюздеріне күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин мен Ресейдің Омбы облысының губернаторы Александр Бурковпен кездесуінде айтылды. Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық, транзиттік-көлік салалардағы қос елдің шекара маңы ынтымақтастығын талқылады. Сондай-ақ жиында Ертіс трансшекаралық өзенінде өзен-кеме қатынасын дамытуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ...