Елімізде К4 экологиялық санатына жататын дизель отынына сұраныс жоғары

Биыл қаңтар мен тамыз айларының аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 млн 270 мың тоннадан астам дизель отыны өндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 1 млн тоннасы тұтынушыларға жіберілді. Бірақ бұл еліміздің ішкі нарығын жабуға жетпейді.Себебі елде К4 экологиялық санатына жататын дизель отынына сұраныс жоғары.

Айта кетейік, бұл -5 градуста қатпайтын, қысқы маусымға арналған сапалы өнім. Зауыт басшылығының айтуынша, өндірілген өнім бірден бірден тұтынушыларға жөнелтіліп жатыр. Дегенмен, басымдық Атырау облысына беріледі.

Наиль Хакимов, Атырау мұнай өңдеу зауыты техника бөлімі басшысының орынбасары:

- Ішкі нарықтағы дизель отынынына деген сұраныстың өсуіне байланысты Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге жабылмайды. Біз қалыпты жүйеде жұмысты жалғастыра береміз. Бұл шара ұлттық мұнай компаниясымен келісілген.