426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде авиаотын тапшылығы туындауы мүмкін бе?

  • 62
  • UPD: 22:09, 01.10.2021

Азаматтық авиация комитеті әуе керосин тапшылығы туындады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комитет өкілдерінің айтуынша, дүрлігуге негіз жоқ. Өйткені қордағы әуе керосин көлемі алдағы бір айға жетеді.

Еске салайық, Қазақстандағы әуе компаниялары жанармай жетпей қала ма деп дабыл қаққан. Себебі, елде бұл шикізат өндірісі айтарлықтай қысқарды. Өткен аптада Энергетика министрлігі қазан айында Шымкент мұнай өңдеу зауытында авиаотын өндірісі екі есе азаятынын хабарлады. Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтитын ұлттық компания болса, 35 000 тонна көлемінде авиакеросин жеткізбек. Алайда, Air Аstana рейстерінің тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін ай сайын 30 мың тонна авиаотын қажет деп отыр. Сондықтан аталған ұшақ компаниясы Үкіметке қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарын кейінге қалдыруды өтінді. Ал, SCAT авиакомпаниясының өкілдері, қажетті керосин көлемінің тек 10%-і ғана алғанын айтады.

Талғат Ластаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

- Авиакеросин жеткілікті. Біздің қоймаларымызда 45 мың тонна авиакеросин бар. Тағы да мына келесі айда біздің зауыттар тағы 35 мың тонна авиакеросин өндірістен шығарады. Сол көлем бір айдың ішінде бүкіл авиакомпаниялардың әуе маршруттарын орындау үшін жеткілікті. Ол орындалады. Ешқандай дефицит жоқ.

Хабар 24 телеарнасы