Көкшетаудағы Азаматтық қорғау академиясына 146 курсант қабылданды

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына жаңадан 146 курсант қабылданды.

Болашақ құтқарушылардың ант беру рәсіміне еліміздің Төтенше жағдайлар министрі де қатысып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқан әріптестерін еске алды. Жалпы аталған академия, өрт сөндірушілерді дайындайтын Қазақстандағы жалғыз білім ордасы. Оқу орны осы күнге дейін 5000-нан астам маманды оқытып шығарды. Жыл сайын 20 қазақстандық курсант Ресей  мен Беларусь Республикасындағы мамандандырылған жоғарғы оқу орындарына шеберлік шыңдауға жіберіледі. 

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Мәселен, осы сапта Қарағандыда өткен әскери чемпионаттың үш дүркін жеңімпазы тұр. Сондай-ақ, Қостанайда ұйымдастырылған чемпионаттың да үздіктері осында оқиды. Спортпен айналысатын курсанттардың қатарын одан әрі көбейту қажет. Бұл, сіздердің кәсіби мықты маман болып шығуларыңызға ықпал етеді.