Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 710 адам үйінде емделіп жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте – 1 қазанда 56 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Оның ішінде Атырау қаласында анықталған 32 науқас бар. Сондай-ақ Теңіз кен орнында – 4, Құрманғазы ауданында – 8, Қызылқоғада – 5, Индерде – 4, Жылыойда – 2, Исатай ауданында 1 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

«Қазір коронавирус инфекциясынан емделу үшін 710 адам үй жағдайында оқшауланды. Ал, модульдік ауруханада – 120, №2 облыстық ауруханада – 55, Теңіз кен орнындағы стационарда – 82, аудандардағы инфекциялық стационарларда 41 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте қауіпті вирустан 97 пациент емделіп шықты», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.