Юлия Путинцева Нұр-Сұлтандағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нұр-Сұлтан қаласында өткен WTA Astana Open турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін, 2 қазан күні өткен финалдық кездесуде ол бельгиялық Алисон ван Уйтванктан ұтылды. 

Бұл екі қыз бесінші рет кездесті. Бұған дейінші төрт кездесуде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді. Алайда астанамызда аруымыздың жолы болмады. 

2 сағат 20 минутқа созылған кездесу бельгиялықтың пайдасына аяқталды. Есеп - 6:1, 4:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Astana Open турнирінің финалына, Дмитрий Попконың Лиссабон додасының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Чикаго жарысының жартылай финалына шықты.