Елордадағы өрт: «Универсал» сауда орталығы кімнің меншігі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Универсал» сауда орталығында өрт шығып, қалалық өрт сөндіру қызметі қызыл жалынды өшірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала деректер бойынша өрт сағат 9:40-та басталған және ғимараттың сол жақ қанатының үшінші қабатында болды. Өрт сөндірушілер 9:48-де келді.

Сауда орталығының жалпы аумағы 14 029,4 шаршы метрді құрайды, өрт 2 және 3 қабаттарды қоса алғанда 6 700 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Универсал» сауда орталығының ғимараты заң жүзінде Jusan Bank-ке тиесілі, дегенмен Банк әкімшілік басқаруға алмаған.

«Ғимаратты «Меридиан НС» ЖШС жалға алған және әрі қарай қолданып келеді. Банк, жалға алушы және ғимараттың бұрынғы меншік иесі арасындағы ұзаққа созылған сот даулары мен келіспеушіліктер, сондай-ақ олардың орналасқан ғимаратты өз еркімен босатудан бас тартуы жағдайында сауда орталығы банк меншігіне өткен сәттен бастап жалға алушылармен өзара қарым-қатынастарды және өрт қауіпсіздігін қоса алғанда, ғимаратты әкімшілік басқару жөніндегі бірқатар мәселелер осы күнге дейін ашық күйінде қалып отыр, – дейді Jusan Bank басқарушы директоры Асхат Адылбеков.

– Бақытымызға орай, банк сауда орталығына берген күзет қызметінің уақтылы және жедел әрекеттерінің арқасында адамдарды дер кезінде эвакуациялап, өрт зардабының алдын алды».

Қазіргі уақытта орташа жарақат алған бір жәбірленуші туралы ақпарат бар. Мамандар өрттің ықтимал себептерін анықтап, ғимараттың иесі мен сауда орталығын жалға алушыларға келтірілген залалды бағалауы керек.