Маңғыстау облысында игерілмеген 300 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 300 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезінде фермерлерге жаппай үлестірілген екен. Игерілмеген жерді кері қайтару жұмыстары былтырдан бері жүргізілуде. Ресми деректерге сүйенсек, шалғай аймақта 2648 шаруа қожалығы тіркелген. Алайда, тек 971-нің ғана төрт түлік басын көбейтіп отырғаны анықталды. Ал қалғаны жайылымдық жерді мақсатсыз пайдаланып отыр.

Есемұрат Дүзмағамбетов, аймақтық жер қатынастары басқармасының басшысы:

- «Сенек» шаруа қожалығын мысалға алатын болсақ, оның қарауында жүздеген шаруалар бар. Олар сол жерде малдарын бағып жүр. Бірақ жерлерді ресми аттарына тіркей алмайды. Себебі заңды талабы бойынша беруге шектеу қойылған. Қазіргі таңда бізде 11 млн 400 мың гектардай жер мемлекеттік қорда айналымнан тыс жатыр деп айтуға болады.