Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 227 науқастың жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 3 қазандағы мәлімет бойынша 59 458 адам коронавирус инфекциясынан (–51 373 + және 8 085 КВИ-) емделіп жатыр.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Емделіп жатқандардың ішінде 10 147 пациент стационарда, 49 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 753 адамның жағдайы ауыр,
  • 227 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 142 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.