КВИ белгілері бар пневмония: 179 науқас тіркелді, 6 адам көз жұмды

Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.

«1.10.2021 ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 317 адам емделіп шықты», – делінген хабарламада.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар – 76 219, 4 850 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 63 284-ке жетті.