Елордадағы апат: дәрігер тірі қалған жалғыз жолаушының жағдайын айтты

Өткен аптада елордада жантүршігерлік жол-көлік апатында аман қалған жалғыз жолаушының жағдайы тұрақты.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың омыртқасына операция сәтті жасалды. Бүгін палатаға ауыстырылады.

Еске сала кетейік, 30-қыркүйек күні бас шаһардағы сарайшық көшесіне апарар көпірде екі шетелдік маркалы көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан 5 адам қайтыс болды.