426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада жүлде қоры 11 млн теңгені құрайтын жамбы ату мен теңге ілу шеберлерінің бәсекесі өтіп жатыр.LIVE

  • 177
  • UPD: 15:06, 04.10.2021

Ұлттық спорт түрлері қайта жанданды. Елдегі эпидахуалдың жақсаруы және карантин талаптарының алынуы осы бағытқа да тың серпін берді. Дәл қазір елордада жамбы ату мен теңге ілуден федерациялар кубогы өтіп жатыр. Оның жүлде қоры – 11 миллион теңге. 

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 40-тан аса қатысушы жиналды. Жамбы ату 3 бағыт бойынша өтті. Яғни, спортшылар кәріс, түрік және қазақ стилдері бойынша бақ сынады. Нәтижесінде жамбылдық Бақдәулет Бабажан 2 алтын жеңіп алды. Ал түркістандық Ералхан Айнакөзl34 еншісінде 1 күміс пен 1 қола бар. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 11 миллион теңгені құрайды.

Айта кету керек, бұндай деңгейдегі жарыс елімізде алғаш ұйымдастырылып тұр.

Хабар 24 телеарнасы