Qazvac халал стандартына сай болып танылды

Казвак вакцинасы – халал! Коронавирусқа қарсы отандық препаратқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» сертификаты берілді. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты хабарлады.

Тиісті құжатты Бас мүфтидің орынбасары Ершат Оңғаров табыстаған екен. Енді қазақстандық вакцина халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар бойынша жасалды деп танылды.