Ішкі істер министрі ОАӨАҮО директорымен кездесу өткізді

Алматы қаласында Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының директорымен кездесу өтті.

Кездесуде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылда бірлескен жұмыстың көп жылғы оң тәжірибесі атап өтілді.

Көпжақты халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі неғұрлым өзекті мәселелер бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары белгіленді.

Кездесу барысында Орталық серіктестерін халықаралық есірткі бизнесіне қарсы ортақ күш-жігерді біріктіруге жұмылдыру қажеттілігі атап өтілді.

Қазақстан ОАӨАҮО қызметіне аса маңызды мән береді.

Бүгінде Орталық Орталық Азияның барлық дерлік мемлекеттерінің есірткіге қарсы ведомстволарының мамандарын өзінің «қанатының» астына топтастырған бірегей жоба болып табылады.

Біз жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және қазіргі заманғы есірткі қылмысының жаңа қауіп-қатерлері жағдайында практикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне сенімдіміз.

Кездесу қорытындысы бойынша есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу үшін сындарлы халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Анықтама: Астанада 2006 жылғы 24 шілдеде қол қойылған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісім 2008 жылғы 6 қарашадағы № 78-IV ҚР Заңымен ратификацияланған.

ОАӨАҮО құрамына жеті мемлекет кіреді – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан.

Бақылаушылар мәртебесі 16 мемлекетке берілген – Австрия, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция.

Халықаралық бақылаушы ұйымдар – Интерпол және Оңтүстік-Шығыс Еуропалық құқық қорғау орталығы (SELEC).