Көлік және коммуникация экс-министрі Серік Әлигужинов дүниеден өтті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы 2021 жылғы 3 қазанда өмірден өткен «КАО» басқарма төрағасы, кезінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі болған Серік Қарабатырұлы Әлигужиновтің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Хабар 24» ведомствоның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Серік Қарабатырұлы 1944 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Павлодардағы 2564 автоколонна механигінен бастап ҚР Көлік және коммуникация министріне дейінгі жолдан өтті. Министрлікті жаңа Астанаға көшіру маңызды шарасына жетекшілік етті. Көлік және коммуникация саласының жүйе құраушы кәсіпорындарын құрудың бастауында тұрды.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Серік Қарабатырұлы қоғамдық жұмыстардан шет қалмай, Қазақстан Республикасының «КАО» автокөлік одағының басшысы болды. Ерен еңбегі бағаланып, еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін КСРО Халықтарының достығы орденімен, Қазақстанның «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Павлодар қаласының Құрметті азаматы атанды.

Сондай-ақ...