Сотталушылар арасында өкпе дертіне шалдығу азайды – ҚР ІІМ

Елімізде бас бостандығынан айырылғандар арасында өкпе дертіне шалдығу 86% азайды.

Бұл өте жақсы көрсеткіш деді жауапты ведомство мамандары.

Айта кету керек, пенитенциарлық медицина туберкулезді емдеуде тиімділігін көрсетті. Яғни, сотталғандар үшін заманауи құрылғыда тексерілу, диагностика және емдеу әдістері қол жетімді болды. Туберкулезді ерте анықтау және уақтылы емдеу мақсатында қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріне келіп түсетін барлық адамдар міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өтеді. Сондай-ақ жылына 2 рет медициналық тексеруден өтуі тиіс.

2019 жылғы 1 сәуір мен 2020 жылғы 1 сәуір аралығында Алматы және Қарағанды облыстарының түзету мекемелерінде пилоттық жоба енгізілген болатын. Нәтижесінде сотталушыларға медициналық көмек көрсету жақсарған.