Балқаш көлінің жағалауына туристік нысандар салынады  

Балқаш көлінің жағалауында алдағы екі жылда бірнеше туристік нысан салынады.

Бертіс шығанағы деп аталатын алаңда қазір инженерлік инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 8 шақырым электр желісі тартылған. Ал жыл соңына дейін кәріз, су жүйесі іске қосылады. Осылайша кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау жасалып отыр. Аумағы 61 гектардан асатын алаңда  демалыс орындары ғана емес, аллея, веложол, спорт нысандары  салынбақ. Жағалау толықтай абаттандырылады. 2022-2023 жылдарға арналған жоба құны 3 миллиард теңгеден асады.

Саятбек Мусин, Балқаш қаласы Құрылыс бөлімінің басшысы:

– Туризмді дамыту үшін нысандар салуға болады. Бұларға енді техникалық шарттарды алу үшін жаңағы кәрізге, суға, тоққа қосылуға мүмкіндіктер береді. Және де мынау бұрынғы бағбандық саяжайлар бар. Солардың көбі мақсатын өзгертіп, туризмге бағыт алуда. Оларға қазіргі күнде тоқ жетіспейді. Соларға біз үш мегаваттық тоқты әкелеміз.