425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы 60 млн доза вакцина шығарылатын болды

  • 103
  • UPD: 20:43, 04.10.2021

Бұдан былай елімізде жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы 60 млн доза вакцина шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында QazVac-тан бөлек, тұмау мен туберкулезге, өзге де инфекциялық аураларға қарсы екпелер бар. Бүгін Жамбылдағы «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ғылыми-зерттеу институтының жанынан биофармацевтикалық зауыт ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Отар елді мекеніне арнайы келіп, зауытты аралап көрді. Мұндай жоба Орта Азия аумағында алғаш боп біздің елде жүзеге асып отыр. Мекемеге мықты мамандарды тарту үшін мемлекет бар жағдайды жасауда. Президент тапсырмасымен қызметкерлерге арналған 180 пәтерлі үй салынды. Жанында спорт-сауықтыру кешені бар. Ғалымдардың жалақысы да екі есеге артты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ия, баршаңызды құттықтаймын. Шын мәнінде үлкен жетістік. Еліміз үшін өте қажетті өндіріс. Жаңа ғана қарап шықтым. Негізгі жұмыс орындалды. Бәрі дұрыс. Енді бұл жұмыс жалғасын табады. Келесі жылы жалғастырамыз, вакцина өте тиімді. Гуманитарлық көмек ретінде бұл вакцинаны Ауғанстанға басқа мұсылман елдеріне жібереміз. Дүниежүзінде мойындалып жатыр, баршаңызды құттықтаймын. Ризашылығымды білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы