Шымкентте Ashyq-тағы «қызыл» статусты 500 адамға айыппұл салынды

Шымкентте Ashyq қосымшасында «қызыл» деген мәртебесі бар 500-ге жуық адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – соңғы бір айдағы көрсеткіш. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындардың карантинді қыркүйек айында жиі бұзғанын хабарлады. Шымкенттіктер коронавирус инфекциясын жұқтырғанын біле тұра, қоғамдық орындарға жиі баратын аймақтың қатарында. Көбіне дәмхана мен мейрамханалар және сауда ойын-сауық орталықтарында келушілердің өте көп екенін байқауға болады. Карантин режимін қасақана бұзушыларға 87500 теңге айыппұл салынады. Ал «сары» мәртебесі барларға алдымен ескерту жасалады.

Алдарқұл Ахметов, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- 2187 адам анықталып отыр Шымкент қаласы бойынша. Оның 1565 «қызыл», 622 «cары» статусымен анықталып отыр. Бұл енді жалпы Ashyq жобасы енгізілгелі бері қаламызда.