426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы облысындағы Жаңадәуір ауылының жолдары 10 жылдан бері жөнделмей жатыр

  • 97
  • UPD: 20:48, 04.10.2021

Жыл сайын көшелерін өз қаражатына жөндеп жүрген тұрғындар ақшаларының да, шыдамдарының да таусылғанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жергілікті әкімдік болса, өтінішімізді орындауға асықпайды», - дейді ашуға мінген ауыл халқы.

Іле ауданындағы Жаңадәуір ауылының аумағы жыл сайын ұлғайып келеді. Тұрғындардың саны артып, үйлер көбейгендіктен 6-7 жыл бұрын Молодежная көшесі де ұзарған. Бірақ содан бері көшеге асфальт төсеу жұмысы түрлі себептерге байланысты жылдан жылға шегеріліп отыр. Тұрғындар болса, көшені өз қаражатына жөндеп, тас-құм төгіп, тегістеп те үлгерді. Ал, Байсерке ауылдық округінің әкімдігі асфальтты былтыр төсеуге тиіс болғанымен, уәде уақытында орындалмай келеді.

Дәмелі Темірғалиқызы, ауыл тұрғыны:

- Өтірік уәде беруге болмайды ғой. Мынаның бәрі мына кісілердің айтқаны рас. Өзіміз жасадық. Бұның астында да бұрын жасағанбыз. Енді биыл тағы да майда құм дайындап қойдық. Енді асфальт салып береміз деген. Ол жоқ енді.

Арсланбек Тілеубеков, ауыл тұрғыны:

- Май айында уәдесін берген: «қыркүйекке дейін сендердің жолдарыңды жасап береміз» деп. Енді мінекей, тамыз, қыркүйек өтті. Қазан болды. Бірақ мінекей, мына жол жасалынбай отыр. Халықтың ызыасына әбден тиіп отыр. Не істейміз енді.

Осы жазда бұл көшеге орталықтандырылған су құбыры жүргізілген. Жарық шамдар орнатылды. 30 шақты үй біргіп, көшелерін өздері тегістеді. Өйтпеске амал жоқ. Жауын жауса, жол балшыққа айналып кетеді. Көршілердің ауызбіршілігі осындайдан көрінеді. «Бірақ техникалық талап бойынша биыл Молодежная көшесіне асфальт төсеуге болмайды», - дейді әкімдік өкілдері.

Дәулет Жетеуов, Байсерке ауылдыық округі әкімінің орынбасары:

- Биылша осадок берсін, отырсын. Ендігі жылға дайындаймыз. Әйтпесе негісі бар. Сондықтан негізі жақсы. Қазірге бір шаң, топырақ болып, не батпақ болып жүре алмай жатқан адамдар жоқ. Әзірше шыдауға болады. Сонша жыл шыдағанда кішкене қалғанда бір шыдайық.

Әкімдік қызметкерінің жауабын естіген ауыл азаматтарының көңілі құлазып қалды. Тіпті бұл мақсатқа биыл қаражат та қарастырылмаған сыңайлы. Жалпы Жаңадәуір ауылында әлі 4 шақырымға жуық көшеге асфальт жол салынуы тиіс.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы