Қ.Тоқаев Каспий теңізін қорғау жөніндегі хаттамаға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттамаға қол қойды.

«2018 жылғы 20 шілдеде Мәскеуде жасалған Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттама ратификациялансын», - делінген Жарлықта.