Түркістан облысында балық аулаудан кәсіби байқау өтті

Жетікөлдің жағасында кәсіби балықшылар байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның әр түкпірінен және алыс-жақын шетелден 17 команда жиналды. Түркістан облысындағы бұл көлдің биыл суы мол, балығы көп. Көктемде көлге бөгет қойылғаннан кейін 150 миллион текше метр су жиналған. Балық аулауға ыңғайлы орын да жетеді. Балықшылардың бұл біраздан бергі басқосуы. Мұндай жиындар көптен бері тоқтап қалған еді. Әр қатысушы өз қармағымен және жанкүйерлерімен келді. Аулаған балықтың салмағына қарап чемпионаттың жеңімпаздары анықталды.

Николай Котляров, жарыстың бас төрешісі:

- «Тұран фест» атты бұл турнир алғаш рет өткізіліп отыр. Сондай-ақ Түркістан жерінде спорттық балық аулау бойынша жарыстар да алғаш рет өткізілгенін атап өткім келеді. Бірақ болашақта бұл игі дәстүр жалғасады деп жоспарлап отырмыз. Жыл сайын «Тұран фестті» Түркістан жерінде өткізетін боламыз.