ШҚО-да 650 мыңға жуық адам онлайн санақтан өтті

Шығыс Қазақстан облысында 650 мыңға жуық адам онлайн санақтан өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ел бойынша үшінші көрсеткіш. Енді мамандар қалған тұрғындардың мәліметін үй-үйді аралап, жинауға кіріседі.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Рафаэль Ғалиевстудент. Бос уақытында халық санағында жұмыс істеп жүр. Оның учаскесінде 833 адам бар. Бүгін ол Өскемендегі Беспалов көшесінде есеп жүргізеді.

«Адамдар сене бермейді. Әсіресе, зейнеткерлер күмәнмен қарайды», - дейді Рафаэль. Бірақ оның халық санағын жүргізуші маман екенін растайтын құжаттары түгел. Сондықтан қала тұрғыны Фаина Булгаева жеке мәліметтерімен бірден бөлісті.

Фаина Булгаева, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Бұл науқан жоспарлауға керек. Елде қанша зейнеткер бар, қанша адам әлеуметтік-медициналық көмекке мұқтаж? Бұл шара осы секілді маңызды сұрақтарды анықтайды.

Сондықтан статист мамандардың міндеті – толық ақпарат жинау. Халық санағының екінші кезеңін жүргізуге бір мыңнан аса адам жұмылдырылған. Олар алдын ала дайындықтан өтті.

Татьяна Бастрыгина, нұсқаушы+бақылаушы:

- Түрлі жағдайларға тап боламыз. Мысалы жер үйлерге иттерден кіре алмаймыз. Онда ысқырамыз.

Мұндай мамандар планшет, ысқырық құралдарымен қамтылған. Айта кетейік, онлайн санақ әлі тоқтаған жоқ.

Гүлшат Әділшынова, Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы:

- Әзірше онлайн санақтан облыстық 46%-тен астамы адамдары онлайн сауалнамадан өтті. Интервьюерлер қазір үй-үйді аралау шараларын бастап кетті. Ол онлайн санақ жұмысының аяқталуы деп саналмайды. Онлайн санақ 15 қазанға дейін жалғасады.

Санақтан тағы қайда өтуге болады? Тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептер мен сауда үйлерінде ашылған арнайы көмек көрсету орындарына жүгіне алады.

Лилия Никифоренко, Шемонаиха ауданының тұрғыны:

- Қазір пәтерімде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан осында өзім келдім. Өте ыңғайлы. Мамандар бәрін түсіндіріп көрсетіп берді.

Өңірде онлайн санаққа қатыспаған ауылдар да бар. Мысалы Большая речька, Медведка, Луговой елді мекендерінде интернет жоқ.

Аян Зайнұлдин, Шемонаиха ауданы статистика басқармасының басшысы:

- Бірінші кезеңмен салыстырғанда Луговой ауылында мысалы 2009 жылы 324 адам болды. Қазіргі уақытта уже 234 адамға келіп отыр. Бірінші кезең бойынша бұл алдын ала мәліметтер Әр уақытта мысалы одан да басқа кішігірім аудандар бар. 2009 жылмен салыстырғанда оңтайландырып, басқа ауылдарға қосылған негізі. Соған қарамастан статистика қызметкерлері халық санағы барлық ауылдарда жүргізіледі дейді. Тіпті шалғай елді мекендер де қамтылады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Әнел Есенбердина, Жігер Бабақанов