Қостанайдың бұрынғы әкімі өмірден өтті

Базыл Жақыповтың өлімі туралы қайғылы хабарды Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«4 қазан күні 56 жасқа қараған шағында Қостанай облысының құрметті азаматы Жақыпов Базыл Шамұханұлы өмірден өтті», – деп жазды К.Қонысбай.

Қостанайдың бұрынғы әкімі көп жыл бойы созылмалы аурумен күрескен. Бұл қызметті 2015 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.

Ал оның соңғы жұмыс орны – «Тобыл» АҚ.