Нұр-Сұлтанды қардан тазарту жұмысы басталды

Коммуналдық қызмет қаланы ақ ұлпадан аршып жатыр. Ол жұмысқа 2 мыңға жуық маман тартылған.

500-дей техника тағы бар. Кешке қарай тағы қар жууы мүмкін. Мұны синоптиктер айтып отыр. Олар елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде күн райы құбылмалы болады дейді. Тіпті тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.