Экобокс, мастер-класс, байқау: елордада қоқысты бөлек жинау мәдениеті қалай дамиды

Үш жыл бұрын елордада «құрғақ» және «дымқыл» фракциялары бойынша қалдықтарды бөлек жинау пилоттық жобасы басталған болатын. Бұл жоба қоқысты сұрыптауды, экосабақтарды өткізуді және тағы басқаларды насихаттайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын Нұр-Сұлтанда 300 мың тоннаға жуық қалдық шығарылады. Қаланың әрбір тұрғыны күніне орта есеппен 1 кг қоқыс шығарады. Мұндай үлкен қоқыстың жиналуы халықтың едәуір бөлігі қалдықтарды әлі де сұрыптамайтынын көрсетеді. Табиғат берген нәрсені ақылмен жұмсау керек және пайдаланылған ресурстарды қайта өңдеу қажет. Қайта өңделген қоқыс компоненттері жаңа тауарлар өндіруге арналған қайталама шикізат болып саналады.

Халыққа қоқысты сұрыптау мәдениетін сіңіру мақсатында 2018 жылдан бастап «құрғақ» және «дымқыл» фракция бойынша қалдықтарды бөлек жинау үшін пилоттық жоба енгізілді. Осы жұмыс аясында экологиялық тақырыпта сабақтар басталды, онда бөлек жинау принциптерін түсіндіру, қоқыс өңдеу зауытына экскурсия қарастырылған.

Сол жылдың шілде айында елорда әкімдігі Қарасу, Есіл өзендерінің, Вячеслав су қоймасы мен Майбалық көлінің маңында #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын өткізді. Айта кету керек, #Birge #TazaQazaqstan аясында өткізілетін барлық акциялар жиналған қалдықтарды сұрыптауға бағытталған.

«Құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жарату мәселесі жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын «іске асыру мақсатында құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинауды, тасымалдауды, сондай-ақ мамандандырылған контейнерлерді күтіп-ұстауды» KAZECOTECH ҒТБ» ЖШС жүзеге асырады. «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ-мен тиісті шартқа қол қойылды.

Бүгінгі күні қала бойынша энергияны үнемдейтін, құрамында сынабы бар шамдарға арналған 599 әмбебап контейнер орнатылды, оларға «Kazecotech» ЖШС қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, елордада қалдықтарды бөлек жинауға арналған «экобокстар» (300 данадан астам) орнатылды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қала тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізіледі, олар: әлеуметтік видео-аудиороликтер мен жадынамалар, қалдықтарды дұрыс сұрыптау туралы нұсқаулықтар, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы қалдықтарды бөлек жинау туралы инфографикалар, қаланың жалпы білім беру мекемелерінде мастер-кластар мен экологиялық сабақтар.

Қалада қоқысты бөлек жинауды насихаттау мақсатында түрлі экологиялық іс-шаралар өткізіледі. Оның ішінде «Нұр-Сұлтан қаласының үздік Эко отбасы», «Үздік тұрғын үй массиві» атағына конкурстар, қаланың балалар оқу орындарында сенбіліктер, мастер кластар бар. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының супермаркеттерінде, дүкендерінде және ірі сауда желілерінде биологиялық ыдырайтын пакеттерге көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Елордада қалдықтарды дұрыс сұрыптау бойынша түсіндіру және байқау іс-шараларын өткізу, елорданың баннерлерінде және СОО-ларда аудиохабар тарату, аялдамаларда тиісті тақырыпқа әлеуметтік жарнама әзірлеу және орналастыру, тұрғын үй кешендері мен бизнес орталық лифтілерінде инфографика орналастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тұрғындар арасында тарифтерді төмендетумен немесе жеңімпаздар арасында сыйлықтар тапсырумен қаладағы ең жауапты (экологиялық) ТК-ге акцияларды іске қосу жоспарда бар.

Сондай-ақ тұрғындар арасында өте жауапты (экологиялық тұрғыда) ТК акциясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Үздіктер сыйлықтармен марапатталады. Сол сияқты тариф мөлшерін де азайту жоспарда бар.