Соңғы тәулік ішінде елордада 100-ге жуық жол апаты болды

Соңғы тәулік ішінде елордада 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы болды. Абырой болғанда, кісі өлімі тіркелмеді. Ал өткен аптада көлік апаттарының саны 630-дан асты.

Салдарынан 17 адам дене жарақатын алып, 5 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Елордада күн суытып, қар жаууына байланысты жолда сақ болуды ескертеді тәртіп сақшылары. Көлік жүргізушілері тұрғын үйлер мен балабақша аулаларында, білім беру мекемелерінің маңайында және жаяу жүргіншілер жолағынан өтерде жылдамдықты шектен асырмау керек.