426,32 492.05 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биыл елімізде 720 жәбірленушіге 93 млн теңге өтемақы төленген

  • 69
  • UPD: 15:38, 05.10.2021

Биыл Қазақстанда 720 жәбірленушіге 93 млн теңге өтемақы төленген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша,заң енгізілгенге дейін жәбірленушіге келтірілген залалдың орны үкім заңды күшіне енген соң, соттың шешімі бойынша ғана толтырылатын.Ал, беті ашылмаған қылмыстың келтірілген зияны өтелмейтін. 

Ермек Шүлден, ІІМ Тергеу департаменті ҰӘБ бастығының орынбасары:

- Жәбірленгендерге төленетін өтемақы үш санатқа бөлінеді. Бірінші санат сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбір көрген кәмелетке толмағандар, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты жәбірленгендер. Мұндағы өтемақының мөлшері шамамен 90 000 теңге. Екінші санат денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдар. Өтемақының мөлшері шамамен 120000 теңге. Үшінші санат жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар (60 құрам бойынша). Өтемақының мөлшері шамамен 150000 теңге.

Хабар 24 телеарнасы