Қазақстанда 1500-ден астам талапкер оқу грантынан бас тартты

Елімізде биыл 1500-ден астам талапкер жоғары оқу орындарындағы гранттарынан бас тартқан.

Енді бұл гранттар жазда ұпайлары сәл төмен болғандар арасында таратылады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы жариялады.

Орталық мәліметінше, 32 адам магистратура грантын кері қайтарған. Қазір бос қалған білім гранттарына мониторинг жүргізіліп жатыр. Нәтижесі осы айдың соңында белгілі болады. Бұл үшін құжат тапсырудың қажеті жоқ. Барлық деректер Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде бар.