Елордадағы өрт: дәрігерлер терезеден секірген қыздың халі туралы айтты

«Астықжан» сауда үйінен шыққан өрт кезінде терезеден секірген қыздың халі белгілі болды.

Ұлттық ғылыми орталықтың дәрігерлері 20 жастағы азаматшаның жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп жоқ екенін айтады. Қазір ол толық медициналық тексерістен өтіп, тиісті ем-домын қабылдап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбіде елордалық сауда үйіндегі жиһаз салоны отқа оранды. Өрт сөндірушілері жеткенге дейін, салон жұмысшысы екінші қабаттан секіріп, жарақаттанған еді.