Елімізде көкөніс бір жылда 30%-ке қымбаттаған

Биылғы қаңтар мен шілде аралығында Қазақстан 1,8 мың тонна сәбіз экспорттаған, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 3 есе көп. Сондай-ақ сарымсақ экспорты 60,5%-ке, бау-бақша дақылы экспорты 42,3%-ке, қырыққабат экспорты 31,3%-ке, пияз экспорты 26,2%-ке өсті, деп хабарлайды Хабар 24 Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Ал кейбір көкөніс түрлерінің экспорты, керісінше, қысқарған. Мәселен, бұрыш экспорты 78,4%-ке (177,3 мың тонна), қияр экспорты 59,4%-ке (2,4 мың тонна), картоп экспорты 53,3%-ке (71,6 мың тонна), баялды экспорты 39,7%-ке (104,9 тонна), қызанақ экспорты 36,8%-ке (13,1 мың тонна), қызылша экспорты 17,4%-ке (260,8 тонна) азайды.

Көкөніс импортына келсек, жыл басынан бері елімізге 27 мың тонна бау-бақша өнімі әкелінді, бұл былтырғы қаңтар мен шілде аралығындағы көлемнен 12,8 есе көп. Картоп импорты 2,5 есе (53,6 мың тонна), сәбіз импорты 83,3%-ке (34,4 мың тонна), қырықабат импорты 41,6%-ке (63,8 мың тонна), пияз импорты 34,4%-ке (212,2 мың тонна), баялды импорты 25,9%-ке (2,2 мың тонна) көбейді.

Ал бұрыш импорты 25,2%-ке (9,1 мың тонна), сарымсақ импорты 24,7%-ке (2,1 мың тонна), қызанақ импорты 20,3%-ке (36,2 мың тонна), қызылша импорты 19,5%-ке (8,6 мың тонна), қияр импорты 13,8%-ке (4,5 мың тонна) төмендеді.

Биылғы тамыз қорытындысы бойынша, елімізде көкөніс бағасы 9,7%-ке төмендеді. Ал былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30,2%-ке артқан.

Мысалы, бір жыл ішінде қызылша 2,2 есе (295 теңгеге дейін), сәбіз 68,2%-ке (205 теңгеге дейін), картоп 29,7%-ке (152 теңгеге дейін), қырыққабат 27,1%-ке (111 теңгеге дейін), пияз 23,9%-ке (113 теңгеге дейін), қызанақ 4,1%-ке (378 теңгеге дейін), қияр 0,9%-ке (311 теңгеге дейін) қымбаттаған.