2023 жылы елорда толықтай газдандырылады

Елорданы газдандыру 2023 жылы аяқталуы тиіс. Жобаның іске асырылуы және газ тарату желілерінің құрылысы бойынша ағымдағы жұмыстар туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Хабар телеарнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Хабар 24 қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

2020 жылы елордада жеке секторда 370 шақырым инженерлік газ тарату желісі салынды. Биыл Үкімет 317 шақырым газ тарату желісін аяқтауды жоспарлап отыр. 

«Қазіргі таңда біз 645 шақырым газ тарату желісін салдық. Бұл Алматы және Сарыарқа аудандарында. Өздеріңіз білесіздер, жеке секторлар — «Көктал», «Көктал-1», «Көктал-2» және агроқалашық. Онда 150 мыңнан астам адам тұрады. Алматы ауданында: оңтүстік-шығыс – оң жағы, сол жағы, одан әрі Железнодорожный, Күйгенжар, Интернациональный ауылдары өтеді. Бұл елді мекендердің барлығы яғни, жеке сектор жəне тұрғын үй массивтері біздің шет аймақтар деп аталады. Қазір инженерлік желілер белсенді түрде жеткізілуде. Яғни, біз газға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз, сонымен қатар әрбір үйге газды жеткізумен айналысамыз. Сарыарқа ауданында 500-ден астам адам газға қосылды, олар дəн риза», – деді Алтай Көлгінов. 

Газға көшу экологиялық жағдайды жақсартуға белгілі бір үміт береді. Тарифке келетін болсақ, қала басшысы қазіргі уақытта оның неге төмендегенін айтты.   

Айта кету керек, елорданы газдандыру мемлекет басшысының бақылауында тұрған маңызды тарихи жоба болып табылады. Газдандыру барысы мемлекет басшысының бақылауында.