Биыл халық көмірмен толық қамтамасыз етіледі 

Биыл халық көмірмен толық қамтамасыз етіледі. Қазақстан темір жолы компаниясы кейінгі 9 айда 76 миллион тоннадан астам қара алтын жеткізді. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 процентке артық. Көмірді тиеп, жөнелту жұмыстары уақытылы орындалды. Бұл процесс қатаң бақылауда. Қолға алынған шаралардың арқасында биыл көмір тапшылығы болмайды.

Жеткізілген көмірдің 53 миллион тоннасы ішкі тұтынуға арналған. Жылу электр стансалары да қажетті өніммен қамтамасыз етілді. Мұнда 47 тонна қара алтын әкелінген. Өткен жылға қарағанда бұл 5 процентке көп.

Қанат Көбесов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары:

–Тұрғындардың коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктері үшін 6,1 миллион тонна жеткізілген. 10 пайыз үлгермеушілік оңтүстік өңірде бар. Ол өтініш беруді кеш басталуы себеп. Өйткені ол өңірде ауа райы әзірге жылы.

Қазіргі таңда көмірді тиеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл процесс үнему бақылауда. Елде 64 мыңнан астам ашық вагон бар. Олардың 55 проценті халыққа көмір жеткізуге жұмылдырылды. Қазақстан темір жолы компаниясының өкілдерінің хабарлауынша, тасмыла тарифі өскен жоқ. Жыл соңына дейін бекітілген соманы арттыру жоспарда жоқ.

Қанат Көбесов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары:

– Көмір тасымалына 35,5 мың вагон жұмылдырылды. Оның 13 мыңы кәсіпорындыкі. Қалғаны жеке компаниялардыкі. Жалпы алғанда көмір тасымалдау вагондары жеткілікті. Вагондарды жалға алуды кешіктігендер жоқ, көмір тасымалы уақытында басталды.

Көмір тасымалымен айналысатындарға қойылған талап жоғары. Яғни жүк жөнелтушілер көмірді тиеу нормаларын толық орындауға тиіс. ҚТЖ компаниясы бұны жіті қадағалауға алды. 

Авторлары: Дариға Ташенова, Дмитрий Дмитриев

 

Сондай-ақ...