426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Аида Балаева Пәкістан және Ұлыбритания елдерінің дін өкілдерімен кездесті

  • 95
Аида Балаева Пәкістан және Ұлыбритания елдерінің дін өкілдерімен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия ул-Хакпен, сондай-ақ Англикан шіркеуінің өкілі, Доркинг қаласының епископы Джо Бэйли Уэллспен кездесулері өтті.

Пәкістан мен Ұлыбританияның дін өкілдері 6 қазанда Нұр-Сұлтанда өтетін Хатшылықтың XIX отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген болатын.
Бүгін Съезд Хатшылығының Жұмыс тобының отырысы өтіп, оның барысында күн тәртібіндегі мәселелер, VII Съездің тақырыбын талқылау және оны өткізу форматы жөнінде пікір алмасу өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің Хатшылығы – Съездің жұмыс органы болып табылады. Аталмыш Хатшылық Съездің отырыстары арасындағы қызметті қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс орган (Хатшылық) 2003 жылы Қазақстан астанасында өткен бірінші Съезд қатысушыларының шешіміне сәйкес құрылған.

Мұхаммед Зия ул-Хак пен Джо Бэйли Уэллге министр Аида Балаева хатшылық жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі діндер диалогын жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институтқа айналғанын атап өтті.

 

Хабар 24 телеарнасы