СҚО, Атырау мен Алматы облыстарында коронавирус вакцинасына сенбейтіндер көп

Коронавирус пандемиясымен күрес бойынша азаматтық штаб «Вакцинация: жақтайтындар мен қарсылық танытқандар» атты әлеуметтік сауалнама нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды Хабар 24.

Коронавирус пандемиясына қарсы «Ел үшін егілемін» азаматтық штаб өкілдері Қазақстанның барлық өңірі мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша 18 жастан асқан 2 559 респонденттен тәуелсіз әлеуметтік сауалнама алды. Бұл зерттеу ел тұрғындарының басым бөлігі, атап айтқанда, сауалнамаға қатысқан 65,6%-ының коронавирус инфекциясымен ауырмағанын дәлелдей алады. Дегенмен 3% COVID-19 жұқтырып, госпитализацияланған (ПТР тестілеу кезінде вирус анықталған), ал респонденттердің 21,4%-ында вирус белгілері болған, алайда, олар ПТР тестін тапсырмаған. Бұл кейбір азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі жоқтығынан хабар береді.

Заңгер, Нұр-Сұлтан қаласындағы Заңгерлер одағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерін сауалнама нәтижесімен таныстыру кезінде «зерттеу сұралғандардың жалпы екпе мен COVID-19-ға қарсы вакцинаға деген көзқарасындағы айырмашылықты байқауға мүмкіндік бергенін» атап өтті. Мысалы сауалнамаға қатысқандардың 11,9%-ы жалпы екпеге қарсы болса, ал 24,2 пайызы COVID-19 вакцинасына қарсылық танытқан. Сұралғандардың 69,6 пайызы жалпы екпеге, ал 58,5 пайызы COVID-19-ға қарсы вакцинаны қолдаған.

Жалпы вакцинацияға респонденттердің 18,5 пайызы, ал COVID-19-ға қарсы екпеге 17,4 пайыз бейтарап пікір білдірген. Осылайша, Қазақстанда вакцинацияны насихаттау және қолдау бойынша қоғамдық қозғалыстың жариялаған тұрғындардың 75 пайызын егу туралы мақсаты қолжетімді екенін байқауға болады.

Өңірлер бойынша айтатын болсақ, COVID-19-ға қарсы вакцинаға қарсылық танытқандар саны бойынша Солтүстік Қазақстан (46%), Атырау (37,8%) және Алматы облысы (35,2 пайыз) алда. Коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдаушылар бойынша Түркістан облысы (7,1%), Батыс Қазақстан облысы (10,8 %) және Жамбыл облысы (11,8%) көш бастап тұр. Осылайша, Түркістан облысы вакцинациялау бойынша алға шығып, коронавирус инфекциясы бойынша «жасыл» аймаққа ауысты.

Сауалнама нәтижесі бойынша, ҚР ДСМ алдағы уақытта COVID-19-ға қарсы вакцинаға сенім төмен аймақтарда ақпараттық жұмысты қалыпқа келтіруге дайын.

Жүргізілген сауалнамадан шыққан маңызды нәтиже – COVID-19-ға қарсы вакцина қауіпсіз. Тек 2 пайыз респондент вакцинаның денсаулыққа ұзақ жанама әсері барын атап өткен (3 күннен аспайтын уақыт). 

Сондай-ақ...