425,95 492.05 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Діндер көшбасшылары съезінің XIX хатшылығында сегіз мәселе қаралады

  • 142
  • UPD: 14:42, 06.10.2021

Бүгін бас қалада съездің хатшылық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзақ уақыт пандемияға байланысты бас қоса алмаған діни қайраткерлер күн тәртібіндегі өзекті проблемаларды талқыға салады.

Болат Сәрсенбаев, конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы:

– Бүгін хатшылық отырысында 8 мәселе қаралады. Барлығы да әлемдік діндер лидерлерінің 7-съезіне қатысты болады. Бұл жиын келер жылға жоспарланған. Съезде жалпы отырыстан бөлек, 4 сессия өтеді. Бүгін сонда талқыланатын тақырыптарды толыққанды нақтылап, күн тәртібіне шығарамыз.

Хабар 24 телеарнасы