Жануарлардың құқығын қорғайтын заң жобасы әзірленді

Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ жануарларға қатыгездік танытқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтін құжатқа ілеспе түзетулер әзірленді. Оған сәйкес, көше кезіп жүрген ит-мысықты тіркеу туралы ақпарат ашық болу керек. Сонымен қатар заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларды ұрып-соққан, қатыгездік танытқан бейнероликтерді таратуға тыйым салады. Мәжілістің жалпы отырысында жаңа заң жобасының қаулысы қабылданды.