425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыға алғашқы қар жауды

  • 93
  • UPD: 14:28, 06.10.2021

Таңғы сағат 6-дан бастап таулы және тау бөктеріндегі аудандарға 3 саниметр қар түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түнде ауа температурасы 0 градусты көрсеткенімен, қазір +3-ке көтеріліп, қар еріп жатыр. Дегенмен қалада 285 арнайы техника, оның ішінде 97 құм шашқыш және 164 жол жұмысшысының түнгі кезекшілігі ұйымдастырылды. Қала билігі көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда абай болуды ескертті. Әдетте Алматыға қар қарашада жауатын. Бірақ бұл ауа райы құбылмалы мегаполис үшін қалыпты жағдай.

Хабар 24 телеарнасы