Елімізде ұн бағасы қымбаттады

Нан бағасын қалай тұрақтандыруға болады? Парламентарийлер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының резервінен қосымша ақша бөлуді сұрап отыр.

Олар тауар нарықтарынан бидайды қосымша сатып алуды талап етеді. Көлем жеткілікті болуы керек.

«Нұр Отан» фракциясы мүшелерінің айтуынша, бұл нанға ғана емес, жарма мен макарон өнімдеріне де бағаны тұрақтандыруға көмектеседі. Әйтпесе азық-түлік нарығындағы салдар сәбіз және картоптың бағасы сөреде күрт көтерілген биылғы көктемнен де нашар болуы мүмкін, деді Ғалым Әміреев.

Депутаттың айтуынша, қазір ұнның бағасы өсті. 1-сорттың келісі екі жүз теңге шамасында. Бұл жаздағыдан 70 теңгеге жоғары. Бұл ретте диірменшілерге шикізат жетіспейді. Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың жасанды жолмен жасалатынын мойындайды.