Елімізде 9 мыңнан астам оқушыға ковид жұққан

Елде осы күнге дейін 9 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бұл барлық білім алушының 0,26 процентін құрайды. 102 мыңнан астамы вирус жұқтырғандармен байланыста болған. Оның ішінде 624-інің ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. Ал жоғарғы оқу орындарында 347 және колледждерде мыңға жуық студент ағзасынан КВИ белгілері табылған.