426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде қоғамдық көлік жетіспейді

  • 93
  • UPD: 21:26, 06.10.2021

Өскемендегі шеткі шағын аудан тұрғындары қоғамдық көлікті сағаттап күтеді. Әсіресе таңертең және кешке автобус кешігеді, халық таксимен кетуге мәжбүр.

Қыркүйектің бірінен бастап жағдай тіпті қиындап кетті. Оқушылар сабақтан кешігеді. Екі-үш сағаттан кейін келген автобуста ине шаншар орын болмайды. Сондықтан кейбір аялдамаларға тоқтамай кетеді. Төзімі таусылған шағын аудан тұрғындары өзара белсенді топ құрды. Олар қоғамдық көліктің жүру кестесіне мониторинг жасайды. Сол бойынша қалалық жолаушылар тасымалы орталығына ұсыныс тастайды. Қазір Аблакетка шағын ауданына тек екі автобус қатынайды.

Ләйлә Кәрімханова, қала тұрғыны:

- Кішкентай автобустар жібереді. Автобусқа сыймай қаламыз. Көбінде таксимен жүруге тура келеді. Демалыс күндері автобусқа шығу мүмкін емес. Автобус жүрмейді.

Әби Әлменбетов, қалалық жолаушылар тасымалы орталығының директоры:

- Тұрғындардың қоғамдық көліктің кестесіне  қатысты түскен шағым, арызын білеміз. Олар автобустың санын 25-ке дейін көбейтуді сұрап отыр. Қазір осы шағын ауданға қосымша көлік шығару мәселесі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде қаралып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы