Түркістан облысында мектептердің видеобақылау жүйесі полицияның жедел басқару орталығына қосылды

Түркістан облысындағы мектептердің қауіпсіздік деңгейіне мән беріледі. Яғни аудан, қалалардағы білім беру ұйымына қойылған бейнебақылау жүйесі полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Бұл «Қазақтелекомн»-ның шалғай елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін орнатып, интернеттің қолжетімділігі арқасында жүзеге асты. Енді мектептердегі кез келген келеңсіз жағдайлардың алдын алып, бақылап отыруға мүмкіндік туды.

Бұл 300-ге жуық оқушысы бар Ордабасы ауданындағы Қарсыбай Сыпатаев мектебі. Ауылға «Қазақтелекомның» интернет желісі тартылған соң мектепке бейнебақылау жүйесін орнатып, оны полиция департаментінің жедел басқару орталығына тікелей қосуға мүмкіндік туды. Қылмыс пен бұзақылықтың алдын алу үшін енді шұғыл әрекет етуге құзырлы органдар сақадай сай. 

Жандос Қошан, Қарсыбай Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры:

- Бұрынғыдан гөрі дәлізде жүру тәртіптері, басқа да бір-бірімен ойнау, кейде жазатайым оқиға бала болғаннан кейін ойнағанда болады. Кішкене де болса сырттан бақылау бар екенін сезініп, қазір азайды деп есептеймін.

Тіпті тиімді жүйенің шарапатын ата-ана да көре алады. Смартфоны арқылы өз баласының білім ұясындағы іс-әрекетін бақылап, қауіпсіздігін сезінеді. Бұл жоғары жылдамдықты ұялы байланыстың нәтижесінде мүмкін болды.

Қайрат Дәлбеков, облыстық полиция департаментінің басшысы:

- 919 мектептің 500-ден астамы жедел басқару орталығына қосылып, 61% қазір қосылды. Ол мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы тәртіпке шақыру үшін көп өзінің үлесін қосады.

Облыстың цифрлық мүмкіндікке қол жеткізуі үшін «Қазақтелеком» мұнымен тоқтап қалмақ емес. Әрі қарайғы шаруаларды шегендеу үшін екі жақты меморандум түзіліп, жоспары бекітілді.  

Қуанышбек Есекеев, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы:

- Енді Түркістанның ішінде біз ойлауымызша, цифрлық қызметтер көп көрсетеміз. Ол телеметрия деген қызметтер. Жаңа айтқанымыздай 5G бірінші қызметтерді біз орнаттық. Енді ойлауымызша, Түркістан 2-3 жылдың ішінде «Смарт сити» туралы әлем жетістіктерін мұнда алып келеміз.

Ауыл аймақты цифрландыру жобасы жалғасады. Жыл соңына дейін бейнебақылау камералары тіпті ең шалғай елді мекендерге орналастырылады. Мектептерге дабыл батырмалары мен мамандандырылған күзет қойылады. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Азамат Саметов, Нұрмахан Бекмұратов