Алматы облысында 756 сынып карантинге жіберілді

Алматы облысында оқушылар арасында ауруға шалдығу көрсеткіші артып келеді.

Оқу жылының басынан бері 1227 бала қауіпті инфекцияны жұқтырған. Бұл туралы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департамент хабарлады. Қыркүйек айынан бастап өңірдің 288 мектебінде 756 сынып карантинге жіберілді. Осылайша, 12 жарым мыңнан астам оқушы қашықтықтан оқыту форматына көшті. 509 сынып офлайн сабақтарға қайта оралды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста ковидтің зертханалық расталған 52 мың жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ...